28.08.2022
  99


Автор: Есләм Зікібаев

БАСҚАН ІЗІҢНІҢ БƏРІ ИРЕК

Арманымызды айдынға салып, жүздіріп
жүргендей күнде сөйлейсің өліп, үздігіп.
Бəрі ғой соның əруей тірлік, пенделік –
Болмаса біз кімді, жатыр-ау кімдер бізді ұғып.
Тіршілік – мұрат, жеткізбес шегі бір ғайып,
Тəуекелің де – дарияға салған жел қайық.
Ағаны тыңдап ақыл алмаған басымыз
«ірі» боп кеттік, ініні қайтып тыңдайық.
Толып жатса да тірліктің тарам жолдары,
ойлағанымыздың, тойлағанымыздың жөн бəрі.
Көзді ғана емес, көкірегімізді шел басқан,
Атаның да айтқан ақылы бойға қонбады.
Осылай өмір, өзінің соқпақ жолымен
Өте береді, енді ұққандаймын соны мен.
Алды-артымызды ажырата алмай қаламыз,
Ашық-жарықта адасып қалғандай көрінем.
Ұға алсаң шыннан екен-ау бұл да ғанибет,
Қажаласың кейде қажырыңды тасқа жани кеп.
Көрініп жатқан тірліктің төте жолы жоқ,
Ісіңнің дағы баса бермейді оңы дөп,
Басқан ізіңнің шатасып жатқан бəрі ирек,
Адасып қалмасам екем-ау дейсің зар илеп.





Пікір жазу