28.08.2022
  230


Автор: Есләм Зікібаев

ƏЗІЛ ДЕП ҰҚ

Алдыма əкеп қойғаның орта арақ па,
Көңілің маған əлде осы ортарақ па?
Сатып ішер зəмзəм ғой талайларға,
Татып ішер жайым жоқ бұл пəлеңді,
Қазір алғыза алмайсың қолқалап та,
Жалған айтып қайтемін жорта мақтап.
Əзіл деп ұқ, еркіңде шыны деп ұқ –
Шақша басым шытынап, сынып, өліп...
Жүрген жоқпын, ауызымды былғамаймын,
Бұлданбайын, сыры емес, шыны деп ұқ,
Молда емеспін, жүрмін ғой шыны көріп.
Кір шалдырмай, дақ салмай ар-ұятқа
Жүрген нəзік пендеміз жаны мақта.
Арағыңды тығынсыз тыға тұрғын,
Шығымсыз ішкен емен коньяк та –
Түсінеміз, толдық қой балиғатқа.
Көп нəрсеге көңілім тойып жүрген,
Кезім қазір мүжіліп-мойып жүрген.
Алған соң тамсандырып тартар едім,
Жайсаң қылық танытып ойым бір дем,
Кезім бірақ бұл кезде қойып жүрген.
Бір бастасам ұзаққа ұласады,
Мінезім сол – құдағи, құдашаны...
Құшқым келіп тұрады құдай атып,
Құс көңілім талай қырат, қыр асады,
Құр татып, келер ме екен, сірə, сəні.
Бірде ұтылып, бір кезде ұтасың ғой,
Мендей емес, қағылез жұқасың ғой.
Талғап ішер өзіңнің «құт асың» ғой,
Бүтінге бой үйреткен бөлек жанбыз,
Жаман «Вермут» болса да, тұтасын қой!
Тірлігіңе болғандай назың көрік,
Арағыңды олжаласаң, əзірге құт.
Сараңдығыңды айтпайын, сағың сынар,
Айтып қойсам абайсыз, жаның шығар,
Көктем етіп барады, жазың да өтіп,
Достықпен шығып кеткен əзіл деп ұқ...





Пікір жазу