28.08.2022
  85


Автор: Есләм Зікібаев

БЕКЕР БƏРІ

Жазылмаған өмірдің заңдылығы
Сəл бұрын да, кеше де, алдыңкүні.
Соған ғана бас иді, басқаға емес
Тына қалып тірліктің бар дүбірі.
Оқығаным басқа-ды кітаптардан –
Дүниеқор жан емен шыт ақтарған.
Шындық шыңы қалайша аласарып,
Əділеттің ауылы жұтап қалған?
Мүмкін емес, сенгем жоқ, сенбеймін де...
Ағып кетем бағытсыз сеңдей мүлде.
Əділетті əбілет жеңер болса –
Адамшылық тап болмақ нендей күйге.
Ардың туын түсіріп, ластаған –
Өтірікті шындық деп растаған.
Жандайшаптар жаудан да қауіптірек,
Шындық сырын сезінбес шың аспаған.
Бекер, бекер – бəрі де бекершілік,
Жауыз жалған тірліктен өтер шіріп,
Адамдардың жолына жуа екпесек,
Өзен-өмір арнадан кетер шығып.
Кетер шығып бар дүние қалыбынан,
Запа шегер Жақсылық-жалын ұлан,
Опасыздар олжа іздер тағы бұдан,
Тұрлауы жоқ тірліктің керегі не
Нұрланбаса Əділет жарығынан!





Пікір жазу