28.08.2022
  112


Автор: Есләм Зікібаев

КӨП ОЙЛАНАМ

Мен де тоқпын, ол да тоқ, тоқ айналам –
өзен-көлім, тау-тасым, тоғай-далам...
Тоқ жүріп-ақ бір-бірін тонайды адам,
Бір-біріне дос, бауыр деп үйреткен
Заман қайда, заң қайда?..
Көп ойланам.
Ұл ер жеткен, қыз өскен – мені үйреткен,
Енді-енді ұғып келемін елімді еппен.
Түлкі бұлаң заманның амалы көп
Тарқамай жүр іштегі шерім көптен.
Тарқамай жүр іштегі шерім көптен,
Қуаң тартып барады жерім-көктем.
Биліктің қыл шылбырын қатын ұстап,
Емін-еркін жайына келін кеткен.
Бір басыма орнардай заманақыр,
Ми шайқалып, ортайып барады ақыл.
Қызығына қиналып қара да тұр,
Көкіректе жазылмас жара жатыр.
Мен де тоқпын, ол да тоқ, тоқ айналам...
Айналамның бəрі тоқ, тоғайды Адам.
Қарыны тоқ, араны аштар қаптап
Кетпеді ме екен деп көп ойланам





Пікір жазу