28.08.2022
109
Өзіме қызықпағанмен...
Өзіме қызықпағанмен,
Сөзіме қызығатындар бар.
Шүкірлік,
Бізді ұқпағанмен,
Пиғылын біз ұғатындар бар.
Түндерде шошып оянам,
Жанымды күйдіріп шабыт.
Мазалар осы ғой əман,
Жыр кернеп,
Қиғылық салып!