meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.08.2022
  112


Автор: Есләм Зікібаев

Сырыңды назың деп ұғар...

Сырыңды назың деп ұғар,
Болсам да əзілге құмар,
Ішімде ешкім көрмейтін
Жанымның əжімдері бар.
Жанымның əжімдері бар,
Құпия əзірге бұлар.
Өзімнен өзгеге естілмес
Жалынды саз үндері бар.





Пікір жазу