28.08.2022
106
ЖЕТПІС АТТЫ ҚАТАР ЖЕГІП ШЫҚҚАНДАЙ
Бір машина –
Жетпіс аттың күші бар,
Аз емес-ау, айтсаң ауыз тұшынар.
Жетпіс атты қатар жегіп жүргендей
Кейде адам өз-өзінен қысылар.
Құла, торы, бараңкөгі, күреңі...
Көк арбаны қатар сүйреп жүреді.
Бір-бірінен жарты қадам қалмайды,
Бір-бірінен озбайды əрі бір елі.
Дегенменен: «Көңіл – жүйрік көк дөнен»,
Ата-бабам бұл байлықты көрмеген.
Сүйгенімді сүйсіндіргім келгенде,
70 атты тартам алға көлденең!
Шабыс тілеп, қайшылантып құлағын,
Пар келместей аңыздағы пырағың,
70 атты қатар жегіп шыққанда,
Ұшатындай, қанаттанып тұрамын!