28.08.2022
116

Ақ, қараны ажыратпай...
Ақ, қараны ажыратпай,
Қас пен досты айырмай,
Мезгілімен таңым атпай,
Жапырағым жайылмай,
Күндер зулап бара жатыр,
Бара жатыр, тəңірім-ай.
Бір күніме бір күнім
Ұқсамайды, кім ұқты.
Жай-күйімді білді кім,
Жанымды кім жылытты.
Қалдым талай оңаша,
Қайғымен де, мұңмен де...
Мəз-майрам боп балаша
Қуанғанда, күлгенде.
Шаттығыма ел куə
Мұң-шер – жеке сыбағам.
Аспан менен жер мына
Салмақ салып сынаған.
Ойнағанда бəрі жеңіл,
Ойлағанда бəрі ауыр.
Бұл тірлікте жаны жебір
Адам тек бір қарауыл.