28.08.2022
  84


Автор: Есләм Зікібаев

Өмірім, жоғы қандай, бары қандай..

Өмірім, жоғы қандай, бары қандай,
азды-көп оны да елім танығандай.
Бəрін де берген тəңіріме ризамын
жүрмін тек бір саулыққа жари алмай.
Болса да бəрі-бəрі, бəрі-бəрі...
Ауырса жастың дағы жаны кəрі.
Тарынбайтын тұста да тарынады,
ой қамалап, одан да жалығады.
Еске алып өткен-кеткен күндеріңді,
жалғастырып қажисың түн мен күнді.
Бəрі де жүрегіңнің айнасында
көңілің кімнен қалып, кіммен күлді.
Өмірдің толып жатқан өткелегі,
ақылды да, ақымақ та өткен еді.
Жүзден асып тұрса да, көп демеді –
Қаусап-құрап жүрсе де құлағалы
тірлігімнің шегі деп айтқызбайды
көңілдің мəуелеген көк терегі,
көңілдің əуелеген көп терегі!..





Пікір жазу