28.08.2022
  164


Автор: Есләм Зікібаев

Ел жазады кітапты, мен де жазам...

Ел жазады кітапты, мен де жазам,
мен жазсам көрінбей ме елге мазаң,
менің айтқан əндерім жəй əншейін,
оның айтқан əндері «ең ғажап» əн.
Əн – əн емес, ол менің көңіл жаршым,
барға риза, демеймін жоғымды алсын.
жеткізеді ол күні ертең мен өлгенде
күйге тұнған кеудемнің қоңыр даусын.





Пікір жазу