28.08.2022
101
ІШІМДІ АШЫП КӨРСЕҢ...
Бір емес, болған екі іні менде,
жарқырап жанатын-ды Күнім елде.
Жеткенше құрақ ұшып асығушы ем
көңілдің қалды солып гүлі демде.
Бір емес, болған екі інім менде,
тұтас жүрсе татырдай ірі деуге.
Жаның бөлек, ілесіп кетпеген соң
сүйретіп жүреді екен тірі кеуде.
Айналам бар, жалғыздық сезбегенмен,
аға іздеймін қиналған кезде дем-дем...
Арқа сүйер адамың болмаған соң
айдындағы ескексіз қайықтайсың,
ешкіні – апа, текені жезделеумен.
Көлім мөлдір, суым тұп-тұнықтай-ды,
тек сырт көзге кім ұғып, кім ұқпайды.
Ішімді ашып көрсең ғой, алау-далау...
Көкірегімде тұрғандай тұнып қайғы.