28.08.2022
90
Тірліктің құты қандай, жұты қандай..
Тірліктің құты қандай, жұты қандай,
бірде ұтсаң, енді бірде ұтылардай,
жолыңның қай тұсында ұра, жыра
амалың бар ма қашып құтылардай.
Қабарып қабағыңды шытынардай
жөнің жоқ, пешенеңнің құты бардай,
өмірі түзу жүріп, түзу келем
сəждадан бас алмаған сұпылардай.
Ұта алмай, кейде тіпті ұтыла алмай,
тұмар ғып адалдықты тұтынардай,
соңғы кезде кіріспей керіске көп,
кеткендеймін кəдімгі періште боп,
қорғамай ма екенсің сұпыны, Алла-ай,
болмайды екен азырақ жұтып алмай..