28.08.2022
  178


Автор: Есләм Зікібаев

ƏЗІЛ-ШЫНЫ АРАЛАС...

Бұл ғұмыр əрі қаңтар, əрі тамыз
Болған соң сан ұтылып, сан ұтамыз.
Батпайды тірілерге тырнағымыз,
Өлгендердің көкесін танытамыз.
Жалғанда толтырарсың жоқты немен,
Осы да дүниеден өтті деген.
Талайлар «тар тамықта жатыр күйіп»,
Тірлігінде кеудесі көк тіреген.
Өз кезінде құдай да, пайғамбар да,
Дүниеге құлашын жайғандар да...
Қанды ауыз қорқаулардың жемі болар
Қорғансыз аруаққа айналғанда.
Менің де көкірегім толы əн еді,
Жарытпас «жұмақ-мекен» – мола мені.
Артымнан əркімдерге сөз айтқызбай,
Өлмей-ақ жүре берсем болар еді.





Пікір жазу