28.08.2022
  179


Автор: Есләм Зікібаев

Өлең – менің өмірімнің бөлшегі...

Өлең – менің өмірімнің бөлшегі,
Тірлігімде жеткізбейтін жол шегі.
Өлең – менің көңілімнің айнасы,
Болмысымды елім танып-көрсе еді.
Өлең – менің таусылмайтын мұң-зарым
Жетім өскен, жетіп өскен жылдарым.
Өлең – менің еңсегейлі ертеңім,
Қуанышым, ұлым менен қыздарым.
Бірде толып, бірде солып көнерген,
Нəр ап, тарап жапырақ жайған, көгерген,
Топыраққа терең бойлар тамыры
Тағдырымды бөле алмаймын өлеңнен,
Сол тамырым нəрсіз қалса, өлем мен.
Өлең – менің өмірімнің бөлшегі,
Толған, солған көңілімнің өлшемі.
Айналайын елім-жұртым көгеріп
Көктегенімді ұзағырақ көрсе еді.





Пікір жазу