28.08.2022
88

ТƏУБАМНАН ЖАҢЫЛМАДЫМ
Қаршадайдан ат жалын тартып мініп,
Келгенінше шамамның шалқып күліп,
Тірлікте өзімнің кім екенімді
Ел-жұртыма келемін айта ұқтырып.
Қанша күрес өмірде, қанша майдан,
Бəрін бастан өткердім қаршадайдан.
Кем тұтпадым өзімді ханзададан,
Өз үйімді ордадан, хан сарайдан.
Өз шамамша ұтылып, ұтқанымды,
Жекпе-жекте жығылып, жыққанымды...
Шамаладым, басқаға қарамадым,
Елден таптым бойдағы құт-нəрімді.
Жалпақ жұртқа ойымды сарқа ұқтырып,
Көрінуге тырыстым шалқып, күліп.
Шүкіршілік, тəубамнан жаңылмадым,
Біреулерден кем тұрып, артық тұрып...