28.08.2022
  127


Автор: Есләм Зікібаев

ТƏУБА

Көңілімнің құлазуы бекерлік,
Бір басыма қонған бағым жетерлік.
Ұқса болды жалпақ жатқан өз қаным,
Ұқпаса да шүлдірлеген шетелдік.
Мен шыққан бел асу ма екен, тау ма екен,
Ұқпағандар досым ба екен, жау ма екен?
Оны ойлауға ойым, миым жетпейді,
Аз ба, көп пе, тілім менен ділімді
Ұғатындар барлығына тəуба етем.





Пікір жазу