meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.08.2022
  166


Автор: Есләм Зікібаев

АҚЫН ҚҰРБЫМ

Қадамың құтты болсын, ақын құрбым,
Түйінін тапқандайсың асыл жырдың.
Махаббат жайлы жазған жырларыңнан
Нұр жүзін көргендеймін ғашығымның.
Құйғандай жүрегіме ыстық жалын,
Жадымда қалды берік əр шумағың.
Қай жерде, қайда жүріп жинағансың
Осынша махаббаттың тəтті балын.





Пікір жазу