meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.08.2022
  155


Автор: Есләм Зікібаев

Ауылға келсең...

Ауылға келсең,
Қаланы сағынасың –
Қызығы-думаны көп.
Қалаға келсең,
Ауылды сағынасың –
Ағайын-туғаның көп.
Ауылға келсең,
Қайтадан бала боласың –
Ата-анаңды көргендер көп.
Қалаға келсең,
Қайтадан аға боласың –
Соңыңнан ергендер көп.
Қала мен ауыл –
Менің қос қанатым сияқты,
Бірінсіз бірі –
Ұша алмай талатын сияқты.
Қос қанатым бар кезде –
Арманым алғыр
Алыстарға да,
Ғарыштарға да баратын сияқты!





Пікір жазу