28.08.2022
  90


Автор: Есләм Зікібаев

ЕЛЕҢДЕ КӨҢІЛІМ

Қаншаға келдім –
Сұрама,
Сұрама бүйтіп, сынама
Жылменен өлшеу – ағаттық
Адамның жасын сірə да.
Қаншаға келдім –
Сұрама
Тоқтау сал сəл-сəл шүбəңа.
Айналамменен салыстыр –
Бірі іні жұрттың,
Бірі – аға
Алыспақ ойнап, жұлыспақ...
Жиырмадан астым жылыстап...
Жиырма бесімде белдесіп,
Отызда жүрдім ту ұстап.
Тартыста қайтпай меселім,
Отыздың отты бесеуін,
Алаңсыз артта қалдырдым,
Ол да енді менің кешегім.
Шыдар кез шыдап шынықсақ,
Ұғар кез бəрін шын ұқсақ.
Қырықта дағы қиқулап
Асауға жүрдік құрық сап.
Елуден астық, елуден
Басылды көңіл елірген.
Жүдеді жүрек семірген,
Арылды кеудем желінен.
Ұрғылап жырдың кемерін,
Дауыл боп соққан жел едім.
Адуын мінез азайып,
Алпысқа таяп келемін.
Білдірмес бəрі арығын,
Қамығып қайтем, жарығым.
Жиырма бес емес,
Қырықтың
Енді ұққандаймын қадірін.
Өтер күн сенен, менен де,
Елеңде, көңілім, елеңде.
Қызығып ертең қарармыз,
Қырық емес, елу дегенге,
Елеңде, көңілім, елеңде.





Пікір жазу