28.08.2022
  101


Автор: Есләм Зікібаев

ӨМІР

Өмір, неткен көрікті едің, кең едің,
Жастайымнан сырыңды оқып келемін.
Дария дер ем айдыны кең айналам
Мен жолаушы үстіндегі кеменің.
Мен жолаушы үстіндегі кеменің,
Дария болсаң құмартарым – тереңің.
Сонда менің аяулымдай асылым,
Сонда менің жазылмаған өлеңім.
Сонда менің асқақ сезім, арманым
Сонда менің бар шабытым, бар жаным.
Ауырыңды арқалаймын қынжылмай,
Тек еншіме ақындықты таңдадым.





Пікір жазу