28.08.2022
  112


Автор: Есләм Зікібаев

ІНІМЕ

Қасыңда өзіңменен жақын жүрсем,
Атайсың Есілəм деп атымды сен.
– Бапа, – деп хат жазасың енді бүгін,
Осында сағынышың жатыр білсем.
Қуанам «жаңалығыңды» оқығанда,
Күлемін əлсін-əлі отырам да:
Сиырдан қойыпсың лақ тудырып,
Болсаң бір «мазақтар» ем осы маңда.
Есімде алғаш рет тəй басқаның,
Қызықтап ауылыңның ойлы аспанын.
Қолыңды соза бердің соза бердің,
Пайымдап көрмесең де жайлап бəрін.
Жалықпай ойнаушы едім өзіңменен
Сүйер ем қазір тағы көзіңнен мен.
Сөксе де, мейлі, қыздар, аға болып
Сыйладым балалықты өзіңе мен.





Пікір жазу