28.08.2022
89
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-20-04-28-18.png)
СЫР
Ағалар бар – ақылды көп айтады,
Бəрі менің қамымды жеп айтады:
Үйленсең сен тезірек, ақын інім,
Қыз-қырқынды жазбас ең деп айтады.
Болса да жақсы ақылдың адамдары,
Көрінер топас жан боп маған бəрі.
Біреудің таңдап сүйген тақырыбын,
Ұялмай қайтып олар жамандайды.
Шіркіндер, аузы қыздан күйгендей-ақ,
Кемпірді жас күнінде сүйгендей-ақ.
Қош айтысып кеткенше қыздарменен,
Өтпеймін бе онан да үйленбей-ақ.