28.08.2022
  148


Автор: Есләм Зікібаев

ЗАМАНА ЖЫРШЫСЫНА

(Омар Шипиннің 80 жасқа толуына)
Тентіреп мал соңында жалаңаяқ,
Табанын шөгір тесіп, жара бояп,
Жүрсе де ертелі-кеш мал соңында
Дейтін бай тоқалына: «Баланы оят».
Қолында май қайырған ақ таяғы,
Қалатын ойналынбай допта аяғы.
Шертетін жылап жүріп жетім бала
Арналған əкесіне жоқтау əнін.
Дүбірін естіді де ол Октябрьдің,
Елменен қақты бірге оқ дабылын.
Күй төгіп көкейінен ақын жігіт
Арнайы қосып жатты оққа жырын.
Халқымның қалаулысы енді бүгін,
Тыңдайды құлақ тігіп, ел дүбірін.
Тағы да тасқындатып жыр нөсерін
Құятын, ақын ата, келді күнің.
Өмірден осы емес пе ед қалағаның
Шарықтап талай жерге барады əнің.
Сексенде серпіле түс, ақын ата,
Жасарған жыршысы боп замананың.





Пікір жазу