28.08.2022
107

Түлен түлеген түн...
Түлен түлеген түн,
Күлкі жүдеген түн...
Менен түңілдің бе?!
Түңілме,
Маған келіп мұң шағасың түбінде.
Арманым бар ұға алмайтын пенделер
Күбірлескен жұлдыздардың үнінде.
Үміт қалғыған түн,
Күдік аңдыған түн
Шыбын жаным тылсымыңа кетті еніп,
Ібіліс жүр ізіменен сұлбамның
Құлдық ұрмас қылығыма кектеніп.