28.08.2022
  91


Автор: Жанат Әскербекқызы

Тереземнен түн қарайды...

Тереземнен түн қарайды,
Тереземнен күн қарайды,
Бозғылт бөлмем көп іздейді,
Жүзіне мұң тұнған айды.
Көңіл нені сезіп еді,
Күлкі сорлы көзігеді,
Ай жүзінен аунаған нұр
Төсіме кеп көз іледі.
Терек мүлгір күнәлі боп,
Көкке қояр сұрағы жоқ.
Қара шашын жел жұлмалап,


Қаракөз түн жылады көп.
Көңіл қарар күнге өшіге ,
Жоғалғандай кіл несібе.
...Күнә табын тұмшалады,
Қиянатын түн кешіре.
Күн мұңайды – күндемедім,
Түн жылайды – үндемедім,
Тұнжырайды терезем де,
Түсінерін білген едім...





Пікір жазу