28.08.2022
  178


Автор: Жанат Әскербекқызы

Арғанатыдан ескен жел...

Арғанатыдан ескен жел,
Алқымыма келіп оралды.
Көккемер жақтан көшкен жел


Орамалымды алып жоғалды.
Жалпақжұрт жақтан жеткен жел
Күбірлеп кетті құлаққа.
Орамалымды алып кеткен жел,
Ән салып жатты жырақта....
Күбірлеп сырын маған бел -
Жаныма шуақ құяр сәт.
Сыңсиды мұңлы самал жел –
Сол әнді жүрем жиі аңсап.





Пікір жазу