28.08.2022
  101


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көккемер

Өкпелер
Көккемер


Сағыныш шылаған,
Жек көрер
Сәттерін
Үн-түнсіз жылаған.
Көктем кеп,
Көкпеңбек
Түрге енген шағында,
Өктем боп,
Кәр тігер
Түрленген сағымға.
Көшеді
Кешегі
Күндердің егесі,
Өшеді
Тебірентіп...
Түндердің елесі.
Бүрменің8
Күлгенін
Өзінше шам қылып,
Гүл демін
Сіміріп,
Қалады жаңғырып.
Күн өтті,
Жүдетті
Бір сәттер қапа ғып,
Түнетті
Нала-мұң
Шерлі жер атанып...
Ел ауды...
Жалаулы
Жылдардан шошынып,
Жылаулы шақтардың
Куәсі – осы жұрт...
Көккемер
Кектенер,
Ғайып бір кезеңге,
Деп келер


“Мұңым шай”
Құйғандай9
өзенге.
Тұнжырар
Түн жылар,
Өксігін жел жұтып,
Қынжылар
Көктегі ай
Шертілер шер күтіп...
Күз келіп,
Сыз жеңіп
Сұрқайлау түрге енер,
Ізденіп,
Зәрлі ызғар
Бір кетер, бір келер...
Қыс келіп,
Тістеніп,
Бүркенер көрпесін,
Түс көріп
Оянар
Мұздай боп ертесін...
Көккемер
Өкпелер
Тұрақсыз жалғанға.
Төкпелер бар сырын
Оңаша қалғанда...




7Көккемер – жер атауы.


8Бүрме – Көккемерге жақын мекен





Пікір жазу