27.08.2022
169

Ата қоныс
Китіңқараға4қаталап барып,
Сыбанбұлақтан5
сырға қансам деп,
Жұмбақ жасырған жотаны ақтарып,
Көненің сөзін тыңдап алсам деп
Қиялдаймын-ау...
Бұлақ суалып, құрыған дей ме,
Баба қонысым, бағың қайтқан ба?!
Жылы үмітпенен жылынам кейде
Сағынышымды сағымға айтқанда.
Арғанатыдан бұлт көшкенде
Бауырын осып, жел қамшылайтын
Тілін тістеген тымық кештерде
Тау маңдайынан тер тамшылайтын.
...Баяғы мөлдір көгім қалыпты,
Бұлт орамалын маған бұлғады,
Сыбанбұлақтан шөлім қаныпты
Тәтті түсімде таң алдындағы.
Көмейден ұшты бір ән жыраққа,
Жанымды қайтіп алып қалармын,
Китіңқараға – Сыбанбұлаққа
Бұлт болып ...кейін маңып барармын...