27.08.2022
133
Қызыл іңір...
Қызыл іңір –
Жалғанның үзігі бұл.
Қып-қызыл көкжиекте
Қырмызы қызығы жүр...
Құбыла құбылады
Күмілжір ғұмыр әні.
Қыжым жел етегіне
Шалынып жығылады.
Шырайлы бұлт –
Қарайды сынай күліп...
Күлкінің тамшысына
Жанарын шылайды үміт.
Қып-қызыл күнді кешіп,
Кеудемнен күмбір есіп,
Келемін Кеңістікте –
Білмеймін, кімге ілесіп...