27.08.2022
96
Бұйығылау бөлмемнің
Бұйығылау бөлмемнің
Мұңайғанын кім көрді.
Сен келер деп сенгенмін,
Жалғыз өзі... күн келді.
Сенсіз келді, жабығып,
Елемедім тіпті оны.
Өкпеледі тағы үміт,
Бұл емес ед күткені.
Құса болып күн қалар,
Қиянатқа көнбейтін.
Тереземнен түн қарар
Мені жақсы көрмейтін.
Тәп-тәтті бір түсті ұрлап,
Күдік келер қонаға.
Сен қарайсың мысқылдап...
Айсыз аспан... Өлара...