27.08.2022
93
Жеті ғаламнан асқан...
Жеті ғаламнан асқан
Шерлі бір дауыс боп
Жаңғырып құладым.
Аспан –
Шақырар ол жақтан ауыс деп
Менің мәңгілік тұрағым...
Төрткүл дүниені басқан
Ұлы мұң тұншығып
Жылайды кеудемде.
Аспан –
Түнерер, бозарар... күрсініп,
Суық шырайды көргенде.
Осылай фәнилік жайым,
Кеудемді қақ жарып
Жүрегім шырқырар.
Айым!!!
Қараңғы әлемде жап-жарық
Жанымның нұрын іркіп ал!