27.08.2022
  100


Автор: Жанат Әскербекқызы

...Теңіз жатты тебіреніп...

...Теңіз жатты тебіреніп,
Елесін ол мені неғып.
Жанарымнан жас саулады,
Жүректегі сенім өліп.
Неге келдім бұл қалаға?
Неге келдім тұл жағаға?
Күрсінеді сорлы сезім,
Кез боп қалып кіл налаға...
Теңіз, неге түнересің?


Келдім көңіл жүдегесін.
Сүйген жанға қадірі жоқ
Сезімімді кім елесін.
Жанымнан мұң бір кетпейді,
Жағада жел дірдектейді –
Сүйіп нең бар, сорлы екенсің,
Махаббатта құн жоқ дейді.
Сан табалау қинар әлі,
Кеудедегі күй қаралы...
Жазығы жоқ жазған сезім
Жан бере алмай қиналады.
Көк жымиды нені көріп
Шуағынан өмір өніп.
...Теңіз жатыр тебіреніп,
Елесін ол мені неғып...





Пікір жазу