27.08.2022
  117


Автор: Жанат Әскербекқызы

Аллаға мінәжат немесе рабиға ана рәуаяты

Рабиға әулиенің бір қолына су,
бір қолына от алып, жүгіріп жүріп айтқаны екен:
Бір жарық
Көзімді тұр қарып,
Біресе нұрланып,
Біресе сұрланып...
...Ия, Алла!
Иесі – Сен, теріскей, күнгейдің,
Бейіштің нұры ма, білмеймін.
Өзіңсің жерінтер, сүйдірер,
Тамұқтың оты ма ол күйдірер?
Пенделер сол жаққа алданар,
Ақталар, арбалар, қарғанар.
Бір қолымда от – пейішке қарадым,
Бір қолымда су – тозаққа ап барамын,


көрсетсең...
Жұмақты өртейін жоқ болсын –
Жұмақты сүйгендер кектенсін.
Тамұқтың отына су құйсам –
Осылай өзіңе сый қылсам!
Жасаған, күнәһар бола алман,
Өзіңді сүю – тек сол арман!
Өзіңе бет бұрсам –
Бұл жарық
Көзімді тұр қарып.
Ғаламға сәулесі сыяр ма?
Тек саған бас иген біз деген – бір ғаріп,
Ия, Алла!!!





Пікір жазу