27.08.2022
100
АЛТЫН АРҚА
Биігім,
Ұшқан ұям – Арқа менің,
Думанға, мерекеге дарқан елім.
Жанымның жалындаған сағынышын,
Өзіңе сыйға балап тарта келдім.
Төсімде көктемгі əсем қызғалдағың,
Өмірдің өр шыңына жүзді арманым.
Бойыма асылыңды бердің құйып,
Сен менен ештеңе де қызғанбадың.
Па, шіркін, көрікті еді дала қандай,
Сұлулық бір өзіңнен тарағандай.
Кетер ме қиып тастап қайтқан құс та
Артына қайта айналып қарап алмай.
Ұлыңмын сендей əсем, паң даланың –
Бүгінгі мерейіңе таңданамын.
Еншіме қисаң болды ақындықты,
Басқаңды қаламадым, таңдамадым!..