27.08.2022
143
Журналдың мұңы – денсаулық
Журналдың мұңы – денсаулық,
менің де мұңым – денсаулық,
денсаулыққа зар қылып,
қойғаны-ай Тəңірім дел-сал ғып.
Дəрі деп су да ішеміз,
бəріне «ем у да» ішеміз,
əулие көріп əркімді,
əуре-сарсаңға түсеміз.
Қыратқа да өрлеп шыға алмай,
құр атқа көлбеп міне алмай,
өзіңді өзің ұға алмай,
көзіңнің алды тұмандай.
Сынайын десең, сына алмай,
тұрайын десең, тұра алмай...
күн санауменен жүргенің –
сүрінсең, жаның шығардай.
Көрші үй мен көрші үй арасын
тау асқандай боп барасың,
қашанға шыдар екен-ау
қалқиған мынау қарасың,
бəріне күйіп-жанасың!..