27.08.2022
127
Уақыттың жүгін көтерген
Уақыттың жүгін көтерген,
Қайыспас қайсар қара нар –
Сіздерді жырлап өтем мен
Пайғамбарыма барабар.
Қауқиған кəрі қара шал
Əулием десем, жарасар,
Əмбием десем, жарасар,
Аман жүріңіздерші, Ағалар!
Төреге дəйім тең көрер,
Жаныма шипа-ем берер,
Еркелігімді кешірер,
Тентектігімді кешірер,
Жел-құздан қағар панамдай,
Ақылман асыл анамдай
Аман жүріңіздерші, Жеңгелер!