27.08.2022
  150


Автор: Есләм Зікібаев

Қалқам, шыннан сұрадың ба халымды

Қалқам, шыннан сұрадың ба халымды,
Ашып айтсам ойымдағы барымды –
Екі аяғым жүрісінен жаңылған
əлсін-əлі бір-біріне шалынды.
Өмір-өзен ыңғайына ілесіп,
Секілдіміз ықтап аққан салынды.
Шынын айтса, бұл ағаң шын бітіп жүр,
Шалқарында шалқымайды бітік жыр.
Шабытының аяғына жем түсіп,
Серпіне алмай, шыбын жанын күтіп жүр.
Жадыраған жайлауынан ел көшіп,
Жұртта қалған жүн-жұрқаны түтіп жүр...
Бұл ағаң шын бітіп жүр.





Пікір жазу