27.08.2022
  123


Автор: Есләм Зікібаев

БІЛМЕСЕМ ДЕЙМІН

Өлең өремін ауырғанымды
ұмытам ба деп.
Содан да шығар, көбінде жазғандарымда
Қалатұғындай жанымның мұңы таңба боп.
Əрі-сəрілеу əуремен күн кешердеймін,
Бірде желдеймін,
Сөгілген бірде сеңдеймін.
Сенделіп жүріп, өлеңмен емделіп, күліп...
Тамырын басып уақытпен тілдесердеймін.
Тамырын басып уақытпен тілдесердеймін,
Жанымды жеген жегідей жыр кесел кей күн.
Қуаныш, қайғы арбасып-арпалысқанда,
Ұйықтап кетіп, бірін де білмесем деймін.





Пікір жазу