27.08.2022
  84


Автор: Есләм Зікібаев

ӨЗІМЕ ЖҮКТЕЙ ӨЗ ДЕНЕМ

Алтын да емен,
Күміс те емен,
Жез де емен...
Үлбіреп тұрған шыттаймын осы кезде мен.
Баяғы Еслəм дейді ғой, қайдан білсін ел
Ішіме кіріп, жанымды ұғып-сезбеген.
Көзім бар,
Көріп-біліп жүргенмен жай бəрін,
Өзіме аян тұғырдан биік тайғаным.
Басқаны қойып, қырық жыл қасымда жатқан
Кемпіріме де жүре бермейді айбарым.
Бəз баяғыдай аспанда əлі Ай да Күн –
Қол жетпес жерге қол созатындай қайда күн?
«Жазасың, – дейді, – жаны жабырқау, күйкі жыр»,
Шапшып қайтемін,
Көңілімнің жадау сиқы бұл.
Ояу жүріп-ақ қалғып кететін кезім көп,
Түнде тыныстап қанбаса қайтем ұйқы бір.
Көңілің бөлек,
Өмірің дағы бір бөлек –
Көтерсе қайда жабырқау жанды жыр жебеп?
Көтерсе қайда жабырқау жанды жыр жебеп?
Ағаларым бар, інілерім бар сергітіп,
Сері сезімді оятып кетеді күнде кеп.
Буынға түссе де, бұйым болмайтын жартылық,
Қызылыңнан да, қызғыңнан да тартынып
Жүргеннен бе екен, күлгеннен бе екен кəріге,
Қарға адым жерге қажып жетемін алқынып.
Өзімді өзім аялауменен, аяумен...
Көкірегіме қалмады ма екен шаң тұнып?
Алтын да емен,
Күміс те емен,
Жез де емен...
Асуы биік тап болдым қандай кезге мен?
Аруларды алып алақанда аялайтұғын –
Бүгінде менің өзіме жүктей өз денем.





Пікір жазу