27.08.2022
114
Жақсы-жаман.
Жақсы-жаман...
Тіршілікте бəрі ұмыт
Бірде шалқып,
бірде қайта тарынып...
Мəңгілікке аттанасың ақыры,
Пенделіктің азабынан арылып.
Қош айтысып мына фəни-жалғанмен,
Аттанасың жеткізбеген арманмен,
Тар табыттың аясында көз жұмып
Жандай бейне шаршап барып алған дем.
Құба жонда мың құбылып бұлтарған
Алдауменен алдырмаған түлкі-арман.
Бəрі-бəрі, бəрі артыңда қалады –
Аяулың да жанарынан нұр тамған.
Қызуы – от,
Қызығы көп жалғанда
Армансыз ем деген, сірə, жан бар ма.
Хан да өткен,
Қара да өткен дүниеден
Алла шіркін аларында таңдар ма?!
Біреу алай,
Біреу былай дегенмен,
Біреу Адай,
Біреу Құдай дегенмен,
Ажал атты айдаһардың алдында
Жақсы-жаман...
Бəрі бірдей теңелген.