27.08.2022
106
Шығандап кетпесең де асып елден
Шығандап кетпесең де асып елден,
Достарың көп қамалап қасыңа ерген.
Кəдуілгі азаматтық құжат алар
Соқталдай жігіт болдың жасы келген.
Тепкенде домалардай тасың өрден,
Өміріңе жаңа бір ғасыр енген.
Атаңды тек тыңдамай, ақыл да айтар
азаматсың он алтыға жасы келген.
Өмірде қанша күрес, қанша майдан,
Жақсылығың жайнасын жан сарайдан.
Сені бір қыр асырып жіберсем деп,
Балапандай баулыдым қаршадайдан.
Жақсыңды жақын тұрмақ, жат білерін,
Өнеріңе қуанып, шат күлерін
ұғатұғын жастасың, балапаным,
ұша бер биігіңе, бақ тіледім.