27.08.2022
83
Сəлем бермей кеттің деп кінəлама
Сəлем бермей кеттің деп кінəлама,
Ұға білсең, кінəм жоқ бұл арада.
Сəлемнің де орайлы орыны бар,
Сый емес таратардай сыбағаға.
Біле білсең, бөлшегі ол көңілімнің,
Өлшемі ол өрілген өмірімнің.
Əр-əркімге үлесер көңілін кім,
Сəлемнің де кəдімгі су секілді
Сұралар сұрауы бар, соны білдім.
Өткен күн мен келер күн күрес құрып,
Кей-кейде дəстүр-салт та жүр ескіріп!
Сəлемім де – көрсетер сый-сыяпат,
Көрінгенге бере алман үлестіріп.
Атам əр кез айтатын: «Арың арла!»
Семірмеспін сəлемнен, арыман да.
Қан базардың ішінде бəріне емес,
Сəлемін береді əркім танығанға.
Көңіл – теңіз, тербеліп тұрады айдын,
Сəлемімнен кетпесін құлап Ай, Күн.
Білсем де, сыйламасам – сəлем бермен,
Басқадан сəлем тағы сұрамаймын.