27.08.2022
  131


Автор: Есләм Зікібаев

ӨМІР-ӨЗЕН НЕМЕСЕ ЖИЫРМА БЕСТІ АҢСАУ

Алабұртқан көңілдей алға асыға,
Тірлікте аял-тыным бар ма, сірə?
Таудан асып, құм басып, күн-түн демей,
Өмір-өзен ағады арнасында.
Ызғарын да, уақыттың мұз-қарын да,
Асу бермес шыңдарын, құздарын да...
Басып өтіп, өлердей ғашық етіп,
Бет түзеп баратқандай құм Нарынға.
Көңіліме өлең атты желік кірген,
Күмпиіп, өзіме өзім сеніп бір дем,
Жақсы-жаман өмірде бəрін көріп,
Алпыстың бесеуіне келіппін мен.
Жандай-ақ талып кетіп жиған есін,
Тоқтамасын тілеймін жырда көшім.
Қалғандай өмір-өзен сағасында,
Білемін оралмасын жиырма бесім.
Тірлігімнің тоқтамас жалғасы ма,
Көңілім елегзиді таңға асыға.
Жағалауы жайқалған орман-тоғай
Өмір-өзен толқиды арнасында.





Пікір жазу