27.08.2022
  97


Автор: Есләм Зікібаев

Тірліктің қызығы көп, қалыс бұдан

Тірліктің қызығы көп, қалыс бұдан
қалып көрген кезім жоқ, таныс бір əн
талып жеткен секілді құлағыма,
Алпыс бесті қырық беспен салыстырам.
Қырық бесте не істемей, не істей алдым,
Сауық құрып, сайранды кешке бардым.
Құлай сүйдім, мені де сүйді біреу,
Енді бəрін елестей еске аламын.
Қиын бəрін жастықтың желігі деу –
Мен біреуді шын сүйдім, мені біреу.
Алпыс беспен аптығым басылғандай,
Қырық бестен көңілім, тегі, жүдеу.
Мойындауға тағы да намыс қылам,
Қиялымды қиянмен жарыстырам.
Елеуреген көңілді еліктіріп,
Шақырады алыстан таныс бір əн.





Пікір жазу