27.08.2022
  102


Автор: Есләм Зікібаев

Кезімнен-ақ азамат боп еленген

Кезімнен-ақ азамат боп еленген
Жарыстамын десем, соған сенер ме ең?
Іштей солай екенімді сезінем,
Іштей бəйге алаңында келем мен.
Алсам-ау деп сол бəйгенің көкпарын,
Талай шаптым, шаңға шаршап тоқтадым.
Енді ойласам, жалпақ жұртқа бірдей-ақ
Аламанда менің осы жоқ, барым.
Шапқан сайын жазылардай қолтығым –
Осалмын деп кім ойлайды, олқымын.
Кеше ғана қойып кетер сияқты ем,
Бүгін тағы шықтым бермей жол тыным.
Осалмын деп кім айта алар, олқымын,
Ақ сазандай ақ айдынның шолпылын
Қызық көріп, қарттығымды ұмытып,
Қайта шаптым желіктіріп сол күнім.
Құс қанатың бар кезінде бір самға,
Ұшқан атың бар кезінде бір самға,
Айшықтанып қарар Ай мен Күн сонда.
Өтіп кетсе өрге шабар өрт кезің,
Жеткізбейді қос ат мініп қусаң да,
Айға атылар арыстан боп тусаң да!





Пікір жазу