27.08.2022
  119


Автор: Есләм Зікібаев

Қимағанменен ел-жұрты, ерен-жараны

Қимағанменен ел-жұрты, ерен-жараны,
«Туған соң адам «түбі өлмек» деген бар əрі.
Өлмесе пенде, жер бетіне сыймай кетпей ме,
Жарық дүние сенен де менен қалады.
Қалады бəрі – қызық-думан да, сайран да,
Қарсы жүресің құшағын ажал жайғанда.
Тірлігіңді, бауырым, бағала бір күн болса да,
Түк емес бəрі басыңнан ғұмыр тайғанда.
Жұмыр басыңа қонса ғой құстай шіркін құт,
Қысқа күнде де мың жығылдық та, мың тұрдық.
Заулаған аттай, ойнаған оттай зымырап,
Өте шығады тіршілік-тылсым бір күндік.





Пікір жазу