27.08.2022
191
Перизат (жанадан өлең мазмунга қосу)
(Мария Жұмақанқызына)
Тұлғасына түсінігі, құлқы сай,
Ішкі сұлу әлеміне сырты сай.
Қыр мұрынды, қызыл жирен, мөлдір көз,
Елден ерек жаратылған түр-түсі-ай!
Өмір жолы отыз тарау ертек қой,..
Соқыр тиын тапқан емес, тер төкпей,
Ар-намысын аса биік ұстаған,
Ең қажырлы, ең қадірлі еркектей.
Жаны нәзік сияқты бір асқақ ән,
Әрі ғалым өнегеге бастаған,
Өз тұсынан оқып заман жұмбағын,
Банкіңізге бола кеткен Бас маман.
Кісілігін алмайтын бір теріге,
Жолығыпты құлақ қойсақ шеріне...
Әйтпесе, шын перизат қой жарасар,
Көркем ойлы, көзсіз құмар серіге.
Тас қайнардай тазалық бар тегінде,
Ерте көрсем Алтын Алтай жерінде,
Рудаға* өле ғашық болғандай,
Ұрынуым мүмкін екен менің де!..
*Руда ақынның қазіргі әйелі