27.08.2022
  78


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Мың нәлет ел шабысқан замандарға...

Мың нәлет ел шабысқан замандарға,
Тоқтатар өктемдікті - амал бар ма?!
Ән созса, «Қаратау» деп жұбанатын.
Қан жұтып, қайғы көрген адамдар да.
Жаралар сау жеріңді билік тисе,
Жалғанда ең қиыны-жаман қарға!..


Көш сайын жетектеулі тұлдаған ат...
Көш сайын жылау-сықтау бір ғаламат!..
Шүкірлік етеді екен үлкендері
Найза ұстар артындағы ұлға қарап.
Бірақ соның кесектік, адалдығы,
Әрдайым бітірердей жырға қанат!





Пікір жазу