27.08.2022
  162


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ойыңның сала жүрсең, елегіне...

Ойыңның сала жүрсең, елегіне,
Қанарсың әңгіменің кенеуіне.
Тегінен бірер дерек қыстырайын,
Келмес бұрын лақап ат себебіне.
Қалған жоқ хатқа түсіп, бәрі бірдей.
Есіл Ер жеткенімен, дегеніне!..
Әулие аты кеткен алты арысқа,
Жолымбет қалып, жатыр қалтарыста...
Етекпен «топалаңдың тоқтатқанын,
Естіген зейінді жас, қартамыс та.
Ол тұрмақ, Дулат ақын әрең шықты-ау,
Топтанған тобырлармен арпалыста!..
Жолымбет алдырмаған ерге секем,
Аталас, Қабанбайдың жерлесі екен.
Кәдімгі Шақшақұлы Жәнібекпен,
Заманы, жас-мөлшері теңдес екен.
Туатын Маржан деген әйелінен.
Ақнайман Жолымбеттің кенжесі екен.
Төркін-жұрт Қожамбеті Марқакөлдің,
Ішінде бұлаңдаған дарқан елдің!
Ол кезде тоқал-поқал айттырмаса,
Қайсыбір сер құмары, тарқар едің?!
Енді оны қазбаламай, лақап атқа.
Тікелей келіп отыр тарта бергім!





Пікір жазу