meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  27.08.2022
  163


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жұматай жерошағы

Кекеп-мұқап, көзқарас, күй танымдарын,
Ұнатпаушы еді кещелер қиқағын жаның,
Басыңды қайдам, барыпты асыңды сыйлап,
Білетіндер кәдімгі құйқаның дәмін…
Қаңқадайын сыпырған құрамын еттен,
Сенің жырың-үлкен жыр сұрауы жеткен!..
Баспаға да сыйғызбай, соның кейбірі,
Домбырадай босап ең бұрауы кеткен.
«Барабанын» ұрғылап, негрден бұрын,
Үркітті ғой, сияқты ең керілген құлын!..
Жеті жылда шықпаса, жарты томың да,
Есімде жоқ, есінеп, ерінген күнің.
Беруге бейім, досым ең алудан гөрі,
Күреңіте қалатын тарылғанда өңі!
Басыңды қорғап, бара алмай қалдым асыңа,
Босамаған сарбаздай қарудан қолы!..





Пікір жазу